Басты бет » Шайхин Серик Мырзахметұлы

Шайхин Серик Мырзахметұлы

Шайхин Серик Мырзахметұлы

Шайхин Серик Мырзахметұлы, жетекші ғалым, биохимия мен молекулярлық биология саласының маманы.

Кредо:  Мәселенің түбіне қарап, оның шешіміне сену.

1977 жылы Ленинград Политехникалық Институтының физика-механика факультетін бітірген. 1987 жылы кандидаттық, ал 2003 жылы  докторлық диссертациясын М.А.Айтхожин Молекулалық биология және биохимия институтында қорғады (Алматы). Диссертация тақырыбы: «Бидай дәндеріндегі ақуыз биосинтезін нуклеозидті ди- және трифосфаттар көмегімен реттеу».

С.М.Шайхин академик Е.С. Северин және профессор Б.К. Искаков сияқты атақты ғалымдардың шәкірті. Ол өсімдік ақуыз синтезі аппаратының реттелуі мен қызмет ету механизмдері туралы зерттеулердің дамуына үлес қосты. Өсімдік жасушаларында трансляциялық бақылаудың жануарлардан ерекшеленетін,  спецификалық механизмдері жұмыс істей алатыны алғаш рет белгілі болды, бұл кейбір ақуыздық факторлардың қатысуынсыз трансляцияның басталуын қамтамасыз етеді. С.М.Шайхин серіктес елдердің зертханаларында (Ұлыбритания, Польша) өсімдіктердегі ақуыз биосинтезі тақырыбы бойынша бірлескен жұмыс жүргізді. Кейінірек С.М.Шайхинның ғылыми қызығушылығы микробиология саласына ауысып, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің РМК «Республикалық микроорганизмдер коллекциясында» зерттеулер жүргізді.

2013 жылдан қазіргі уақытқа дейін Шайхин С.М. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің гранттары есебінен қаржыландырылатын жобалар аясында ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік етті және жетекшілік етуді жалғастыруда. Бұл жұмыстар фундаментальды және қолданбалы бағытта жүргізіледі.  Фундаментальды бағыттың тақырыптары биологиялық өнімнің пробиотикалық әлеуетін арттыратын дәстүрлі тағам өнімдерінің жергілікті сүт қышқылы бактерияларынан жаңа адгезиндердің, бактериоциндердің және функционалды ақуыз факторларының (p40 және p75) молекулалық биологиялық қасиеттерін зерттеуге арналған. Қолданбалы жобалар екі бағытта жүргізіліп жатыр: (1) – жоғары пробиотикалық әлеуеті бар, тауарлы балықтардың ішек микрофлорасының өкілдеріне негізделген биологиялық препараттарды синтездеу және (2) – Қазақстандағы бау-бақша шаруашылықтарының дақылдарын өңдеуге арналған биологиялық препараттар, шіріту мен ыдырауды тудыратын микробтардың көбеюін ингибирлеу арқылы жемістердің сақталу мерзімін ұлғайту. Жобалар сәтті аяқталды, біреуі орындалуда.

С.М. Шайхин 100-ден астам жарияланымның авторы. Оның зерттеулері басымдыққа ие және халықаралық стандарт талаптарына жауап береді. Бұған халықаралық ғылыми журналдардағы жарияланымдар дәлел: Biotechnology Letters; Biochimie; Frontiers in Microbiology; Acta biochimica Polonica; Malaysian Journal of Microbiology; Journal of Pure and Applied Microbiology; Биохимия. С.М. Шайхин көптеген халықаралық конференцияларға шақырылған баяндамашы ретінде қатысты, Хирш-индексы 7 және 90-нан астам сілтемесі бар.

Республика ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін 2014 жылы Шайхин С.М. «Республика ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды. 2021 жылы «Еңбек Ардагері» медалімен, 2022 жылы «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған.

Шайхина С.М. публикациялары:

  1. Shaikhin, S.M.Muratova, M.V.Belov, A.A., …Kulagin, S.V.Bobruskin, I.D. Modulation of activity of Ca2+-calmodulin-dependent phosphodiesterase from bovine brain by naphthalene sulfamides // Biokhimiya, 1988, 53(8), стр. 1357–1364
  2. Shaikhin, S.,Sobkiewicz, A.Barciszewski, J.Twardowski, T. Evidence for plant ribosomal 5S RNA involvement in elongation of polypeptide chain biosynthesis // Acta biochimica Polonica. – 1994, 41(1), P. 57–62. БД Scopus, 54%, Citations – 8.
  3. Shaikhin, S.M.,Smailov, S.K.Lee, A.V.Kozhanov, E.V.Iskakov, B.K. Interaction of wheat germ translation initiation factor 2 with GDP and GTP // 1992, 74(5), P. 447–454. БД Scopus, 70%, Citations -22.
  4. Bobruskin, I.D.Shaǐkhin, S.M.Muratova, M.V.Baranova, L.A.Severin, E.S. Allosteric regulation of Ca2+-calmodulin-dependent phosphodiesterase activity from the bovine brain // Biokhimiya, 1987, 52(8), стр. 1344–1352
  5. С.М. Шайхин, М.С. Уразова, Ж.Б. Текебаева, А.С. Абилхадиров, З.С. Сармурзина Влияние функциональных добавок к корму на иммунный ответ и здоровье рыб //ВЕСТНИК ЕНУ имени Л.Н. Гумилева. Серия Биологические науки. – 2021. – №4 – С. 39-63. DOI: 10.32523/2616-7034-2021-137-4-39-63 (https://bulbio.enu.kz/article/archive/view?id=effect-of-functional-feed-additives-on-fish-health)
  6. Abitayeva, G.K.,Urazova, M.S.Abilkhadirov, A.S.Sarmurzina, Z.S.Shaikhin, S.M. Characterization of a new bacteriocin-like inhibitory peptide produced by Lactobacillus sakei B-RKM 0559 // Biotechnology Letters. – 2021, 43(12). – P. 2243–2257. https://doi.org/10.1007/s10529-021-03193-z. БД Web of Science, Q2, цитирований -2. 56%
  7. Bäuerl, C.Abitayeva, G.Sosa-Carrillo, S.Shaikhin, S.Pérez-Martinez, G. P40 and P75 are singular functional muramidases present in the lactobacillus casei/paracasei/rhamnosus Taxon // Frontiers in Microbiology. – 2019, 10 (JUN), 1420. doi: 10.3389/fmicb.2019.01420. БД Web of Science, Q1, IF – 5.6, 84 Percentile, цитирований – 11.
  8. Sarmurzina Z.S., Kozhakhmetov S.S., Anuarbekova S.S., Shaikhin S.M., Almagambetov K.K. Screening of lipid degrading microorganisms for wastewater treatment // Malaysian Journal of Microbiology. – Vol. 9 (3) – 2013. – Р. 219-226. doi 10.21161/MJM.49612. БД Scopus, 17%, цитирований – 8.
  9. Sarmurzina Z.S., Bissenova G.N., ZaкaryаD., Dospaeva R.T., Shaikhin S.M., Abzhalelov A.B. Characterization of probiotic strains of Lactobacillus candidates for development of synbiotic product for Kazakh population // Journal of Pure and Applied Microbiology. – 2017. – V. 11 (1) – P. 151. doi 161.10.22207/JPAM.11.1.20. БД Scopus, 17%, цитирований – 10.
  10. Nagyzbekkyzy, E.Abitayeva, G.Anuarbekova, S.,Kushugulova, A., … Shaikhin, ,  Marotta, F. Investigation of acid and bile tolerance, antimicrobial activity and antibiotic resistance of lactobacillus strains isolated from kazakh dairy foods // Asian Journal of Applied Sciences, 2016, 9(4), – P. 143–158. doi:10.3923/ajaps.2016.143.158. БД Scopus, 34%, Citations -11.