Басты бет » Абитаева Гуляим Қаиркенқызы

Абитаева Гуляим Қаиркенқызы

Абитаева Гуляим Қаиркенқызы

2009 жылы Л. Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін “5В070100-Биотехнология” мамандығы бойынша тәмәмдады. 2018 жылы 6D060700 – “Биология” мамандығы бойынша PhD ғылыми дәрежесін алды.

2009 жылдан бастап Микроорганизмдердің республикалық коллекциясында ғылыми қызметпен айналысады, оның ішінде зертхана меңгерушісі қызметін атқарады. Ғылыми қызығушылығы молекулалық биологияға, микроорганизмдердің генетикасы мен биохимиясына бағытталған.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған (2013 ж., 2017 ж.).

Густав-Русси институтында (Франция) ДНҚ репарация зертханасында ғылыми тағылымдамадан өтті.

Испанияның жоғары ғылыми зерттеулер кеңесінің агрохимия және азық-түлік технологиялары институтында (Испания) Dr. G. Perez Martínez пробиотиктер зертханасында PhD тағылымдамасынан өту барысында пробиотиктердің молекулалық механизмдерін (lacticaseibacillus casei/rhamnosus тобының жасуша қабырғаларының лизиндері) зерттеп,  оның нәтижелерін сәтті жариялады.

Жас ғалымдардың мемлекеттік ғылыми стипендиясының иегері  (2019).

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жанындағы Жас ғалымдар кеңесінің мүшесі болды (2019-2022 жж.).

2020 жылы Nazarbayev University School of Medicine Dr. L. Vangelista ғылыми тобында Рostdoc ретінде S. aureus лейкоцидиндерінің патогендік факторларының генетикалық ұйымдастырылуын зерттеді.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің (2020-2022 жж.) гранттық қаржыландыру ғылыми жобасының жетекшісі болды, оның шеңберінде жеке серіктеспен бірлесіп, азық-түлік  қауіпсіздігі саласындағы диагностикалық жиынтықтар түрінде отандық өнімді сәтті енгізді.

Отандық ғылыми басылымдардағы 30-дан астам мақаланың, Web of Science және Scopus дерекқорларына енетін шетелдік басылымдардағы 5 мақаланың, сонымен қатар 1 монографияның авторы;  8 ҚР өнертабысқа патентінің иегері.

Автор идентификаторы Scopus 57191261653, ORCID ID 0000-0001-6999-8807

Негізгі мақалалар

  1. Iskakova A. N., Abitayeva G. K., Abeev A. B., Sarmurzina Z.S. Meta-analysis data of the accuracy of tests for meat adulteration by real-time PCR // Data in Brief. – 2022. https://doi.org/10.1016/j.dib.2022.107972, IF – 1.7, 71 Percentile
  2. Abitayeva, G.K., Urazova, M.S., Abilkhadirov, A.S. et al. Characterization of a new bacteriocin-like inhibitory peptide produced by Lactobacillus sakei B-RKM 0559. Biotechnology letters. – 2021. https://doi.org/10.1007/s10529-021-03193-z, IF – 2.46, Q2, 56 Percentile
  3. Urazova M., Zakarya K., Sarmurzina Z., Bissenova G., Abitayeva G., Shevtsov A., Tekebayeva Zh., Abzhalelov A. Diversity and characterization of lactic acid bacteria from Common Carp (Cyprinus carpio L.) intestine in winter (Northern Kazakhstan). Tomsk State University Journal of Biology. – 2020. – № 52. – P. 34-47. doi: 10.17223/19988591/52/2, IF 0.9, Q3
  4. Bäuerl C. & Abitayeva G., Carrillo S.S., Beltrán AM, Lleó N.N., Marqués J. M. C., Cabrera M.Z., Shaihin S, Martínez G.P. P40 and P75 are singular functional muramidases present in the Lactobacillus casei/paracasei/rhamnosus taxon // Frontiers in microbiology. – 2019. doi: 10.3389/fmicb.2019.01420, IF – 5.6, Q1, 84 Percentile
  5. Е. Nagyzbekkyzy, G. Abitayeva, S. Anuarbekova et al. Investigation of acid and bile tolerance, antimicrobial activity and antibiotic resistance of lactobacillus strains isolated from kazakh dairy foods // Asian Journal Applied Science. – 2016. – Vol. 9(4). – Р.143-158. doi:10.3923/ajaps.2016.143.158. IF – 0.9, Q3, 66 Percentile