Басты бет » Текебаева Жанар Борамбаевна

Текебаева Жанар Борамбаевна

Текебаева Жанар Борамбаевна

бас директордың ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы

Білімі: жоғары, «Биология» мамандығы; техника ғылымдарының магистрі, Нижневартовск мемлекеттік университетінің 5-курс аспиранты (Нижневартовск, Ресей Федерациясы).

Ғылыми қызмет өтілі: 16 жыл.

Зерттеу саласы: микробиология, экология, биотехнология, альгология.

Халықаралық тәжірибе:

2012 ж. – “Оңтүстік теңіздер мен өзендердің биологиялық ресурстарын кешенді зерттеу” жас ғалымдардың III Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының қатысушысы (Астрахань қ., Ресей Федерациясы).

2014 ж. – “Органикалық заттар және материалтану химиясы” магистратура бағдарламасы бойынша “РБ мұнай-газ технологиялары және жаңа материалдар институты” мемлекеттік автономды ғылыми мекемесінде ғылыми тағылымдамадан өтті (Уфа қ., Башқұртстан).

2014 ж. – “Қазіргі ғылымның мәселелері мен жетістіктері” халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының қатысушысы (Уфа қ., Башқұртстан).

2021 ж. – Әзірбайжан Ұлттық Ғылым Академиясының Микробиология институтында ғылыми тағылымдамадан өтті (Баку қ., Әзірбайжан Республикасы).

Ғылымижобаларғақатысутәжірибесі: гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудың 13 жобасына қатысты.

Марапаттар:

– ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің “Алғыс хат” құрмет грамотасы (желтоқсан, 2022 ж.)

– ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің “Құрмет грамотасы” марапатталды (сәуір, 2023 ж.).

Жетістіктері: 100-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде өнертабыстар мен пайдалы модельдерге ҚР 8 патентінің, 2 Еуразиялық патенттің, 2 монографияның, ҚРБҒМБҒСБК ұсынған журналдардағы мақалалардың, Web of Science / Scopus ДҚ кіретін рецензияланатын шетелдік басылымдардағы 5 мақаланың авторы. WoS /Scopus бойынша Хирш индексі – 2.

Мақалаларға сілтемелер (негізгі): https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=57222391361

“Атамекен” ҰКП Қазақстанның жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларының сарапшысы болып табылады.